АқшаГлавное

«Штрафстан»: қазақстандықтарға салынған айыппұл мөлшері 300 млрд теңгеден асты

Қазақстанда 2024 жылы азаматтарға салынған жалпы әкімшілік айыппұл мөлшері алғаш рет 300 млрд теңгеден асып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

АҚПАРАТ ҚАЙДА ШЫҚТЫ

Ақпарат ресми Qamqor.gov.kz порталында пайда болды. Ондағы мәліметке сүйенсек, былтыр қазақстандықтарға жалпы сомасы 304 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған. Оның 190 млрд теңгесі төленген.

БЫЛТЫР ҚАНША САЛЫНДЫ

2023 жылы жалпы салынған әкімшілік айыппұл мөлшері 185 млрд теңгені құраған. 2022 жылы 159 млрд теңге болған.

ҚАНША ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Былтыр Қазақстанда 15 130 010 әкімшілік іс қозғалып, оның 14 653 448-і бойынша шешім шығарылып, азаматтар әкімшілік жазаға тартылған. Былтыр қозғалған әкімшілік істер саны 10 980 530. Яғни, бір жылда ғана әкімшілік жазаға тарту саны шамамен 4 млн-нан асқан.

ӘКІМШІЛІК ІСТЕР ЕҢ КӨП ҚОЗҒАЛАТЫН ӨҢІРЛЕР

Әкімшілік істердің ең көбі Алматы қаласында (4,4 млн), Астанада (1,7 млн), Шымкентте (1,07 млн) тіркелген. Ең азы Жетісу облысы мен (191 мың) және Солтүстік Қазақстан облысында.

ТОҚТАТЫЛҒАН ІСТЕР

Тоқтатылған әкімшілік істердің саны өткен кезеңмен салыстырғанда 20,1% -ға (269 050-ден 323 100-ға дейін) ұлғайған.

Другие новости

Back to top button