Алматинская область

Талғар оқиғасы: Алматы облысының әкімі халықты сабырға шақырды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғарда болған жағдайға байланысты пікір айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Біз ол отбасыға өз көңілімізді айтамыз. Жалпы бұл мәселе біздің назарымызда. Құқық қорғау органдары өз жұмысын атқарып жатыр. Қазіргі таңда іс ішкі істер министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Сол себептен біздің аудиторияға айтқым келгені сабыр сақтап, құқық қорғау органдарының берген мәліметтеріне көңіл бөліп, сену. Қазір олар ашық жұмыс істеп жатыр. Әр жұмысы бойынша БАҚ-та ақпарат жариялап жатыр», — дейді  Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салсақ, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсіміндегі әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған еді.

Другие новости

Back to top button