Алматинская область

Алматы облысында жаппай Sergek камералары орнатылады

Алматы облысында Sergek камераларын жаппай орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүйе әзірлеушілерілерінің мәліметінше, облыстың әр ауданында жедел басқару орталықтары құрылады.

«Бұл қоғамдық бақылауға арналған 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасы және 325 аппараттық-бағдарламалық кешен. Әр ауданда бейнебақылау жүйесін бақылау, камералардан мәліметтер жинау және төтенше жағдайларда полиция әрекеттерін үйлестіру үшін жедел басқару орталығы құрылады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көлік ағындарын талдау, мониторинг және болжау үшін цифрлық өнімдерді белсенді қолдану жоспарланып отыр.

Жамбыл ауданында 800 камера орнатылды, Талғар ауданында жұмыстар жалғасуда. Ауқымды жобаны алты ай ішінде жүзеге асыру көзделген. Жол кешендерін орнату орындарын полиция анықтайды.

Другие новости

Back to top button