Алматинская областьГлавное

Сыраның ақшасы төленген: Талғардағы оқиғаның видеосы арқылы мән-жай анықталды

ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Советұлы Талғарда болған оқиғаның видеосын брифинг барысында тәпсірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода барлық уақыт көрсетілген. Оның айтуынша, видеода ешқандай келіспеушілік жоқ.

«А. есімді күдікті 4 шөлмек сыра алған. Видеода көрініп тұрғандай, қалтасынан алып мың теңгені төледі. Видеодағы қалған адамдардың барлығын анықтадық. Видеоның өзі өте ауқымды. Біз соның ішіндегі осындай фрагменттерді көрсетіп жатырмыз. Адамдардың шыққаны, кіргені де бар. Ол сотта қолданылады. Кейін ол қайтып келіп, телефонын қуаттауға береді. Араларында ешқандай келіспеушілік жоқ. Дүкеннің ішінде екі бейнекамера бар. Біреуі жалпы түсіреді, екіншісі сату бөлімін, үшіншісі шығаберісте тұр. Оның алдында марқұм Шерзат далаға шығып кетеді. Кейін телефон алған бала далаға шығады. Бұл жерде ешқандай дау болмаған», — дейді ол.

Самат Советұлы атағандай, сыра үшін дау болмаған. Оқиға далада өрбіген.

«Шерзат пен күдікті арасында түсініспеушілік болған. Телефон арқылы шақырылған адамдар келеді. Олар ішке кіріп есептің төленуін растайды. Кейін Шерзаттың әкесі қолына зат ұстап шығады. Оны анықтау үшін біз сараптама жасаймыз. Кейін далада төбелес басталады. Оның ішінде екі қыз да жүр. Кейін олар камерадан тыс жаққа кетеді. Сол жерде қылмыыс жасалған», — деді ол.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Другие новости

Back to top button