«Мені жеңу оңай емес»: Ауыр дертпен күресіп жатқан Мұрат Бисембин мәлімдеме жасады
Қатерлі ісікке шалдыққан отандық киножұлдыз, көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ауыр дертті жеңіп шығатынын айтып, оқырмандарына алғыс білдірді.
“Мені жеңу оңай емес. Міндетті түрде бәрін еңсеремін. Маған моральдік және материалдық тұрғыда көмектесіп жатқан барша жанға рақмет! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін. Шексіз алғыс», – деді актер.
Айта кетейік, актердің әріптесі Саят Исембаев емге қажет сумманы халықтан жинап беруді жөн көрген еді.
“Достар, сіздердің көмектеріңіз қажет. Әріптесіміз Мұрат Бисембин ауырып қалды. Бәріңіз оны «Рэкетир» фильмі арқылы жақсы танисыздар. Ол Русланның рөлінде ойнаған. Өкінішке қарай, одан қатерлі ісік табылды, қазір ем қабылдап жатыр. Еңсесін түсірген жоқ. Мұратта бәрі жақсы болады, әлі-ақ айығып кетеді. Көмек қолын созам деушілер болса, жеке есепшотын қалдырамын”, – деп жазған болатын Саят Исембаев.