ГлавноеЖамбылская область

«Дәретхананы тазаламағаны үшін»: Желіде Атбасар қаласындағы түрмеде сотталушыларды соққыға жыққан видео тарады (видео)

Журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

 

Сотталғандардың бірінің бейджінде белсенді Тимур Дәнебаевтың есімі жазылған.

«Бұл жігіт оңай құтылды. Дәл осы Атбасар қаласының қатаң режимдегі түрмесінде карантиндік бөлмеде мені 10 күн бойы адамның миына кіріп шықпайтын деңгейде азаптаған еді.

Колония ішінде ұрып-соғып, кейін күрделі түрде азаптау үшін қайтадан карантинге жауып тастаған болатын.

Ол кезде газетте шындыққа негізделген мақала жариялағаным үшін 3 жыл 10 айға осы тозақ колонияға жіберілдім», – деп жазды журналист.

Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұрауда. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берді. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұра бастайды.

Оқиға бойынша мәліметтер нақтыланып жатыр.

Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сауал жолдады. Жауап күтуде.

 

Другие новости

Back to top button