Шымкент
Шымкентте 11 жастағы қыз өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кетті
Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап кеткен. Жүзуді білмейтін жеткіншек суға батып, жантәсілім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған. Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды
. «Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды»,- делінген хабарламада.