Главное

«Мамасынан аумай қалған»: әнші Ақботанұр ұлын көрсетті (ВИДЕО)

Танымал әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбеттің ұлымен түскен видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланды.

Желі қолданушылары анасы мен баласы бір-біріне ұқсайтынын жарыса жазып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

«Мамасынан аумай қалған, сүп-сүйкімді балапан. Бақытты болыңдар!», «Жаным-ау, ботақан тәтті ғой», «Ақбота, балаң өзіңе ұқсаған екен», «Сұлу екен, көз тимесін!», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Ақботанұр Сейітмағамбет пен бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловтың Ибраһим есімді ұлы және бір қызы бар.

Другие новости

Back to top button