Социум

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді

 Оңтүстік циклон жырасының әсерінен елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік жартысында күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады.

Синоптиктер солтүстік-батыста дауыл, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады деп болжады. Еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз.

Өңірлердегі ауа райы

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аптап ыстық.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Шығыс, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 30-32 градус жылы болады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 жылы.

Шымкентте аздаған бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 37-39 градус жылы болады.

Другие новости

Back to top button