Главное

2024 жылы Ozon Қазақстан айналымы 3 еседен астам өсті

Ozon Holdings PLC төртінші тоқсан мен 2024 жылдың аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялады. Қызметтерді қоса алғандағы айналым (GMV) 2024 жылы ж/ж 64%-ға, яғни 14,6 трлн теңгеге өсті, түзетілген EBITDA жыл қорытындысы бойынша e-commerce бизнесінде де, қаржылық технология сегментінде де оң көрсеткішпен рекордтық 203,7 млрд теңгеге жетті. 2025 жыл қорытындысы бойынша компания түзетілген EBITDA жағдайында айналымның ж/ж 30-40%-ға, яғни 355,6 — 406,4 млрд теңге деңгейіне өсуін болжауда.

E-commerce сегментінің кірісі 2024 жылдың төртінші тоқсанында ж/ж 60%, яғни 966,2 млрд теңгеге, ал 2024 жылы ж/ж 36%, яғни 2,8 трлн теңгеге артты.

Қызметтерді қоса алғандағы айналым (GMV) 2024 жылы ж/ж 64%-ға, яғни 14,6 трлн теңгеден асып түсті. Өсімді кәсіпкерлердің нәтижелері қамтамасыз етті: олардың Ozon-дағы айналымы 2024 жылы 69%-ға өсті, ал маркетплейс айналымындағы үлесі 85,4%-ға жетті. Бұл ретте Ozon Қазақстан айналымы 2024 жылы ж/ж 3 еседен астам өсім көрсетті.

Маркетплейстің белсенді сатушыларының саны 600 мыңға жетті, оның 80%-дан астамы Ресей аймақтарында тұрады. Қазақстандық сатушылар саны 2024 жылы 1,5 есеге өсті.

Платформа мен логистикалық инфрақұрылымды дамытуға салынған инвестициялардың арқасында 2024 жылы белсенді сатып алушылар саны 56,5 млн-ға (+ж/ж 10,4 млн.) артты. Қазақстандық сатып алушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Бұл ретте олардың платформаға деген адалдығы өсу үстінде: жыл қорытындысы бойынша әрбір клиент орташа есеппен Ozon-ға жылына 26 рет тапсырыс береді. 2024 жылы компания 1,471 миллиард тапсырысты жеткізді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға көп. Бұл ретте қазақстандық пайдаланушылардың адалдығы одан да артып келеді: 2024 жылдың қорытындысы бойынша Ozon Қазақстан сатып алушылары өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам тапсырыс жасаған.

2024 жылы Ozon логистикалық алаңдарды алдыңғы жылдан 1,5 есе ұлғайтты — компания басқаруындағы қойма инфрақұрылымының жалпы ауданы 3,5 млн шаршы метрден асты. Ozon Қазақстан 2021 жылдан бастап елімізде логистикалық инфрақұрылымды дамытып келеді. Қазір компанияның республикадағы логистикалық қуаттылығын Алматыдағы ең ірі қойма кешені мен сұрыптау орталығы, Астанадағы фулфилмент-орталық пен сұрыптау орталығы, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкенттегі 4 сұрыптау орталығы қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, компания тапсырыс беру пункттері желісін белсенді дамытуда. 2024 жылдың аяғында Ozon тапсырыс беру пункттерінің саны 60 мыңға жетті, оның 25 мыңға жуығы 50 мыңға дейінгі халқы бар қалаларда орналасқан.

2024 жылы киім-кешек маркетплейстің ең жылдам дамып келе жатқан тауар санатына айналды – оның айналымы 2024 жылы 86%-ға өсті. Жыл қорытындысы бойынша өткен жылы маркетплейстегі киім-кешек, аяқ киім, аксессуарларды сатып алушылар саны 35,7 млн адамға жетті.

* Есептіліктің рубльдік көрсеткіштері 2024 жылдың орташа бағамы бойынша теңгеге аударылған.

 

Ozon — дамыған логистикалық желісі бар көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстанда, Армения, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Сайтта кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 56,5 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік беруде.

 

Другие новости

Back to top button