Спорт

«20 жыл алға жүремін»: меценат Күдрәт Шәмиев Қазақстан таеквондо федерациясына президент болды

Бүгін, 6 қыркүйек күні Астанада Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының кезектен тыс жиналысы өтіп, 34 жастағы Күдрәт Шәмиев федерацияның президенті болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кезектен тыс жиналыста федерацияның 20 филиалынан келген өкілдер Күдрәт Шәмиевтің кандидатурасын дауысқа шығарған. Ұсынысты 14 адам қолдаған.

«Жеке мақсаттарымның жетегінде емес, ел мүддесі үшін осы қызметке келіп отырмын. Алда Лос Анджелес Олимпиадасы бар, бірақ біздің стратегиямыз бір олимпиада кезеңімен шектелмей, 20 жылға арналуы тиіс», — деді Күдрәт Шамиев өз сөзінде.

Айта кетейік, Күдрәт Шамиев кәсіпкер-меценат, 34 жаста, Азия-Тынық мұхиты технология және инновациялар университетінде «халықаралық бизнесті басқару» мамандығы бойынша білім алған, еңбек өтілі 12 жыл, қазір «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Другие новости

Back to top button