Госорганы

1 қазаннан бастап елімізде тұмауға қарсы вакциналау басталады

20-25 қыркүйекке дейін вакцина барлық облысқа жеткізіледі

1- қазаннан бастап елімізде тұмауға қарсы вакциналау басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина егу басталатынын айтты.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, тұмауға қарсы 2,3 миллион доза вакцина сатып алынған.

Бюджет қаражаты есебінен жиі ауыратын балалар, диспансерлік есепте тұрған балалар, жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерде жатқан 60 жастан асқан адамдар жүкті әйелдер егіледі.

 

Другие новости

Back to top button