3 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Күйеуім кредитке шыдамай, асылып өлді – қарағандылық әйел

10 август 2021, 16:37
Күйеуім кредитке шыдамай, асылып өлді – қарағандылық әйел
Қыз – жат жұрттық дегенді жастайынан қыздың құлағына құйып өсіретін елміз. Егер өз жұртым деп барған жер өзектен теуіп, бөтенсінсе, ол қайтадан туған шаңырағына орала ала ма? Әрине әкенің қамқорлығы мен ананың мейірімді жүрегі барда бұл мүмкін шығар?! Алайда шаңырақтың иесі аға мен жеңге болса ше? Тағдыр тәлкегімен күйеуінкен айырылып, бүлдіршіндерімен далада қалған қарындас аға мен жеңге шаңырағына уақытша болса да симайды екен. Бұған дәлел ретінде 3 баланың анасы қарағандылық Аида Мамраеваның оқиғасы.

"Еуразия" бірінші арнасының "Пендеміз ғой" бағдарлама кейіпкерінің оқиғасынан.

Күйеуімнен достары қаржылай көмек сұрап, алдап кетті. Ол өте аңқау және сенгіш еді. Бір үлкен жоба бастағалы жатырмыз, сен кредит алып, бізге көмектессең, көп ұзамай қаражатыңды екі есе шығарып аласың деді. Соған менің күйеуім имандай сенді. Себебі бөтен емес, қасында бірге жүрген жолдастары еді. Алайда уақыт өте берді, кредитті төлеуге жағдай болмай, олардан қайта- қайта ақша сұрадық жалынып та айттық, жағдайды түсіндіріп те айттық. Еш нәтиже болмады. Банктер күнделікті хабарласып, қыспаққа ала бастады. Сол арада ол күйзеліске ұшырап, өз жұмысынан айырылып қалды. 14-ақпан күні түнде келді де, бүгін мен далада ұйықтаймын деді. Мен бос сөз деп ойлап, барсаң бара ғой дедім де мән бермедім. Қыс мезгілі еді. Ол сыртқа жеңіл киіммен шығып, ұзақ жоқ болып кеткендіктен артынан бардым. Бірақ үлгермедім. Банктер тарапынан қысымдар мен сол тығырыққа шыдамай ол асылып қалды, деді үш баланың анасы Аида Мамраева.

Үш кішкентай бүлдіршінін ертіп, барар жері болмағандықтан төркінге оралады. Алайда шаңырақ иесі болып отырған ағасы мен жеңгесі оны құшақ жая қарсы алмаған. Күйеуінің өліміне қарындасын айыптап, қол көтеріп, жиі соққыға жыға бастаған. Амалы таусылған жас ана балаларын алып, бірнеше күн вокзалды паналаған. Кездейсоқ кездескен адамдардың көмегімен дағдарыс орталығы туралы есітіп, сол мемлекеттік мекемеге жайғасқан.

Қазір менің болашағым бұлыңғыр. Себебі тұрақты жұмысым, баспанам жоқ. Төркінім де ағайын-туыстарым да менің қай жерде қандай күйде күнелтіп жатқанымды жақсы біледі. Бірақ ешкім менің жағдайымды сұраған емес. Мен қазақта ағайын-туыстық жанашырлық бар дегенге сенбеймін. Тіпті бір анадан туған жандар да титтей де болса жанашырлық бар деп айта алмаймын, деді кейіпкеріміз.
Қамшының сабындай ғана ғұмырда бұйырғаны қара су болса да, соны қорықпай ішуге, тыныштықта өмір сүруге әркім құқылы. Ұр да жық күйеуінен бөлек, ағайынмен араздасып, бір анадан, бір әкеден тараған бауырларынан қысым көріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналып отырған әпке- қарындастар та көбейіп барады.

Арқа сүйер ағалар, адаспаңыздар! Қарындастың көз жасына қалу оңай емес!

Просмотров материала: 17 905

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 909 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 712 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 366 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 391 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 698 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 413 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 573 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 700 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 161 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 358 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 473 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 784 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 823 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 704 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 525 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 658 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 814 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 486 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 843 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 583 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 587 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 432 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 269 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 516 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 458 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 972 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 378 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 304 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 538 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 890 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 300 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 287 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 330 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 274 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 495 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 641 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930