Вейптерге толық тыйым салу қайда апарады?

Қазақстанда вейптерге толық тыйым салу жоспарлануда. Ведомствоаралық комиссия мүшелерібірауыздан дерлік (12-сі 2-ге қарсы) вейптерге, сондай-ақ оларға сұйықтықтар мен хош иістерге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кәмелеткетолмаған жасөспірімдердің осы өнімге шектеусіз қолжеткізуін себеп қыла отырып, бұл мәселенің шешімінвейптерге толық тыйым салудан тауып отыр.
«Әрине, вейптер балалар мен жасөспірімдерге арналмаған. Денсаулық Кодексі, Жарнама және сауда ережелері бұлөнімдерді 21 жасқа толмағандарға жарнамалауға жәнесатуға тыйым салды. Іс жүзінде тыйым қазірдің өзінде бар, бірақ мемлекеттік бақылаудың әлсіздігіне байланыстызаңның орындалуы жоқ. Бізде снюс пен кальян шегугетыйым салудың жағымсыз тәжірибесі бар. Тыйымдаржұмыс істемейді, тек бизнестің көлеңкеге түсуіне жолашады», — дейді ЗТБ және «Темекі нарығыоператорларының қауымдастығы» ЖК төрағасы Цхай М. Б.
Темекі шегу нарығы операторларының қауымдастығы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына никотинді жеткізудің электрондық жүйесіне тыйым салу және пайдалану мәселесі бойынша Үкіметке вейптерді реттеуге бастамашылық жасау және реттеудің мынадай нормаларын айқындау туралы ұсыныспен жүгінді:
• темекі өнімдерінің, оның ішінде вейптердің айналымын мемлекеттік бақылау функцияларын ЖАО-нанконтрабандалық өнімді алу және жою жөніндегі өкілеттіктері бар ішкі істер органдарына беру;
Соның негізінде Үкіметке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі М.Ескендіровтен өтініш жолданды.
Сонымен вейптерге тыйым салу қайда алып келуі мүмкін?
Темекі шегу нарығы операторларының қауымдастығы вейптерге тыйым салу акциздер мен салықтар түріндегі республикалық бюджеттің айтарлықтай шығындарына, қара нарықтың өсуіне, демек, заңсыз сауда есебінен қылмыстың ұлғаюына алып келеді деп санайды.