Алматы

Ұлы Отан соғысы мерекесіне орай ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден беріледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Жеңіс күніне арналған әлеуметтік төлемдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

«Бүгінде Алматыда 56 ғана соғыс ардагері қалды. Оларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады», — деді Серік Құрманғалиев.

Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны – 13 мың адам.

Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтынын жеткізді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы әкімі мерекелік шараға қатыса алмайтын ардагерлердің әрқайсысына аудан әкімдерімен бірге өзі барып, Жеңіс күнімен жеке құттықтайтынын айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button