Социум

Украинада 8900-ге жуық бейбіт тұрғын соғыс құрбаны болды – БҰҰ

Қаза тапқан тұрғындардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының кеңсесі 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 21 мамырына дейін Украинадағы соғыстан 8900 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«БҰҰ БЖКБ қаза тапқан немесе жараланған бейбіт тұрғындардың нақты саны әлдеқайда көп деп санайды, өйткені соғыс қимылдары болған жерлерден алынған көптеген хабарлама әлі де қосымша растауды қажет етеді. Ал шайқас жүріп жатқан кейбір аумақта алынған ақпарат кешігіп жетеді», — делінген құжатта.

Мұндай жайттар әсересе, Мариуполь (Донецк облысы), Лисичанск, Попасная және Северодонецк (Луганск облысы) қалаларына қатысты, бұл аймақтарда көптеген бейбіт тұрғынның қаза болғаны немесе жараланғаны туралы хабарланған.

БҰҰ-ның растаған мәліметтері бойынша 4040 ер, 2403 әйел адам, 275 ұл және 218 қыз бала қайтыс болды. 30 баланың және 1929 ересек адамның жынысы әлі анықталған жоқ.

Жарақат алған 15 117 адамның ішінде 445 ұл және 314 қыз, сондай-ақ жынысы әлі анықталмаған 276 бала бар.

Другие новости

Back to top button