«Үйлерді жаппай өртеп жатыр»: Таулы Қарабақтағы армяндар аймақтан көшуге ниетті

Өз-өзінің тәуелсіздігін жариялаған Таулы Қарабақ басшылығы Әзірбайжанның әскери операциясынан кейін этникалық армяндар аймақтан жаппай кетеді деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтағы 120 мың армян Әзірбайжанның құрамында өмір сүргісі келмейді. Олардың 99,9%-ы өздерінің тарихи жерлерінен кетуді жөн көреді.
Армяндар Әзірбайжанда қуғын-сүргінге ұшыраймыз деп алаңдаулы. Десе де Баку Таулы Қарабақтағы армяндардың құқықтарын құрметтеуге уәде берді.
Армения үкіметі Таулы Қарабақтағы ондаған мың адамды қабылдауға дайындалып жатыр.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі жексенбіде армяндар Қарабақ аймағындағы Агдере бағытындағы тұрғын үйлерді жаппай өртеп жібергенін хабарлады. Өрт 23 қыркүйек сағат 19:35 шамасында Әзірбайжан армиясының техникалық бақылау құралдарымен тіркелген.
Еске салсақ, 19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта соғыс қимылдары басталғанын мәлімдеді. Қазақстандық сарапшылар мұның Қазақстанға әсері бар екенін айтты. Алайда көп ұзамай Пашинян мәлімдеме жасап, келіссөздерге қатыспағанын мәлімдеді. Содан соң Әзірбайжан соғыс қимылдары тоқтағанын айтты.