Жетысуская область

«Үйіне келген қонақтан қызғанған»: Жетісу облысында ер адам әйелін аяусыз соққыға жығып, өлтірген

Жетісу облысында әйелі күйеуінің қолынан қаза тапқан. Ер адам азаматтық некедегі әйелін аяусыз соққыға жығып, өлтірген, деп хабарлайды  Polisia.kz .

Полиция дерегінше, қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелген.

«26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды. Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан», — делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың біріне әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, нәтижесінде әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Полиция күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын жеткізді.

Сонымен қатар полиция жыл басынан бері облыс полицейлері 563 отбасылық жанжалқорларды анықтағанын және олардың 97-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

«Талдықорған қаласының оңалту орталығында ерлі-зайыптылардың әрекеттерінен зардап шеккен 15 әйелмен 34 балаға көмек көрсетілді», — деп қосты жауапты мекеме.

 

Другие новости

Back to top button