Социум

Түркияға қатерлі ісікті емдеу үшін келген 8 жасар баланың мәйітін аурухана ата-анасына бермей қойған

Астаналық отбасы қатерлі ісікке шалдыққан баласын емдету үшін Түркияға барған. Алайда 8 жастағы бала шет елде жан тапсырып, енді оның денесін қарыздары болғандықтан, бермей қойған. 

 

 

19 қарашада 8 жастағы Бекнұр Оразбай Ыстамбұлдағы Medipol ауруханасына емделуге келгенімен, сол жақта көз жұмған. Бала екі жасынан бері қатерлі ісікпен күрескен екен.

Баланың ата-анасы емханаға 17 мың доллар немесе 7 миллион 847 мың теңге қарыз болғандықтан, олар баланың денесін бермей қойған. Марқұмның ата-анасы және олардың бірге толмаған балалары елге қайта алмай, халық пен консулдықтан көмек сұрады. Отбасыға “Бақытты шаңырақ” көмектесуге келісіп, қор ашты.

Түркиядағы Қазақстанның бас консулы  17 мың доллар қарызды 10 мың долларға дейін, яғни үш миллионға түсіруге келіскенін мәлімдеді.

Қор мен халықтың көмегімен марқұмның отбасына 21 қарашада 6 миллион теңге жиналды.

Халық жинаған ақшаның 4 миллион 616 мыңы аурухананың қарызын жабуға, 550 мыңы баланың денесін толық тіркеу арқылы елге қайтаруға және 290 000 теңгесі  Ыстамбұл-Астана бағыты бойынша ата-аналарының әуебилеттеріне кетті.

Қарыз жабылғандықтан, олар енді баланың мәйітін Қазақстанға әкеле алады.

Другие новости

Back to top button