Алматы

«Туғаннан бері асфальт көрмедім»: Алматылық балалар митинг ұйымдастырды

Желіде алматылық балалардың асфальт төсеуді талап еткен фотосуреттері таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qumash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Алматыда балалар жолда езіліп жатқан балшықтардың жанында тұрып, митинг ұйымдастырды. Олар «Алматы − 1″вокзалының ауданындағы Воронеж және Крыжицкий көшелерінде асфальт жоқтығына наразы.

“Мен туғаннан бастап асфальт көрмедім”, “Мен үйге кір-кір аяқ киіммен келемін”, “Мені апаратын адам болмаған кезде сабақтан қалуға мәжбүрмін”, “Екі жыл бұрын маған ролик сыйлады, бірақ оны айдайтын жер жоқ”, “Біз Жаңа Қазақстанның болашағымыз және біз балшықтың ортасында өмір сүреміз” деді олар.

«Соңғы 4 жыл осылай жалғасуда. 2019 жылдың жазында кәріз құбырларын салу үшін бәрін қазып тастаған. Содан бері аймақ әкімдіктің қарауынсыз қалған», – деді басылым.

Другие новости

Back to top button