ГлавноеГосорганы

Тоқаев Венгрия премьер-министрін қыпшақ деп атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Венгрия премьер-Министрі Виктор Орбан келіссөз жүргізді. Тоқаев Орбанға өзінің тарихи отанына келгенін айтып, венгрлердің өткен тарихына тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

«Сізді Қазақстанда қыпшақ болғандықтан жақсы біледі, құрметтейді. Ата-бабаңыздың туған жеріне келдіңіз деп айта аламыз», – деді президент.

Орбан Венгрия мен Қазақстанның тамыры ортақ екенін атап өтті.

«Үйге оралған әрине жақсы сезім сыйлайды. Мажарлар Қазақстанға үлкен қуанышпен келеді. Өйткені бізді мыңдаған жылдық ортақ тамыр байланыстырады. Венгрия әрқашан Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі болды және солай жалғаса береді. Венгрия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас әсіресе экономика саласында бұрынғыдан да жақсырақ», — деді ол.

Венгрияның 200 мыңнан астам тұрғыны өздерін ежелгі қыпшақтардың ұрпағы санайды. 1239 жылы қыпшақтар Венгрия корольдігінің шекарасынан өтіп, оның халқының құрамына енді. Қыпшақтың он тайпасын Котян хан билеген. Он тайпа — «ол огр». Болжам бойынша, мажарлардың атауы осы сөзден шыққан.

Другие новости

Back to top button