Алматы

«Тістерін жұлып, сау тамтығын қалдырмаған»: Есірткіге тәуелді анасы қорлық көрсеткен қазақстандық Диана Иванованың оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді

Алматыда анасы өзінің 14 жастағы туған қызына қатыгездікпен қарап, өлімші қалге жеткізген. Диана Иванованың оқиғасы көпшілікті дүр сілкіндірді. Анасынан әбден жәбір көрген оның бет-ауызында сау орын қалмай, мұрны мен тістерінің бәрі сынған. Қызға қайырымды жандар пластикалық операция жасауға, тісіне имплант салып беруге көмектесуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қазақстандық журналист Алтын Меңдібаева “Что скажете” бағдарламасында қызды анасы қалай қорлағанын толықтай айтып берді.

«Анасы Диананың тістерін жұлып, сау тамтығын қалдырмапты. Қазір зардап шегушіге дәрігерлердің көмегі қажет», — делінген бағдарламада.

Анасы есірткіге тәуелді болған

Диананың анасы қазір ата-ана құқынан айырылған. Оны Надежда Борсукова есімді туысқаны қамқорлығына алған.

“Диананың анасы Аннамен жақсы таныспын. Ол менің ағаммен көңіл жарастырған еді. Алайда артық қылықтары болған соң, ағам оны тастап кетті. Дәлірек айтқанда ол есірткі заттарының жеңіл түрлеріне әуестене бастаған. Сол кезде бәрі одан теріс айналды. Тіпті ағам да. Содан кейін біз оның жүкті екенін білдік. Оны сәбиді дүниеге әкелуге көндірдік. Бірнеше рет заң бұзушылықпен ұсталған да кездері болды. Кейін біз оның түрмеден шығуы үшін қолдан келгенді жасадық”, – деп қосты Диананың қамқоршы анасы.

Надежда Аннаның сол жақта танысып, түрмеден бірге шыққан азаматпен бірге кеткенін айтады. Жеке өмірінде бәрі тұрақталған шығар деп үміттенген Надежданың кейін Аннамен байланысы үзілген.

“Бірде көршілер теледидарды қарашы бағдарламадан Аннаны көрсетіп жатыр деді. Сөйтіп қарасам, ол ағамның қызы Оксананы және кейін Диананы дүниеге әкелген екен. Алайда сол кезде 1,5 айлық болған сәбиді екі тәулікке үйде жалғыз қалдырып кеткен екен. Сол себептен құзырлы органдар одан Диананы алып алдымен сәбилер үйне, кейін балалар үйне жіберген”, – деді Надежда.

Диана кейін 7 жасына дейін балалар үйнде тәрбиеленген екен. Қазіргі қамқоршы анасы оның осы уақытта балалар үйнде болғаны керісінше жақсы әсер еткенін айтады. Себебі ондағы тәрбиеленушілердің барлығы мемлекеттік тіл қазақ тілінде сөйлескен. Алайда кейін Анна түрмеден шыққан соң балаларын қайта алуға міндеттеледі. Ол Диананы өз қамқорлығына кері алып, Ресейдегі анасын шақырады. Аннаның анасының аяғы ауратын болған соң, ол Диананы нағашы әжесіне күтуші секілді қаратқан. Ал бұл кезде балалар үйінде қазақша тәрбиеленіп өскен қыз әжесінің кей сөздерін мүлде түсінбеген. Осылайша алғашқы ұрып-соғу мен қорлау әрекеттері басталған екен.

“Білуімше бұл жағдайдан соң Диана ауыр жарақаттармен ауруханаға түсіп, оны ұрған әжесін құқық қорғаушылар депортациялаған. Ал кінәлі әжесі деп танылған соң, құқық қорғаушылар Диананы қайта анасына қалдырған”, – деді Надежда.

Соңында Диана есірткінің ауыр түрін тұтынатын анасынан бірнеше жыл қорлық көрген.

Ол туралы оқиғаны Израильден келген блогер Елена Погребижская да түсірген еді.

Диананың жаңа өмірі

Осы видеолардан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде бір-бірін балаға көмектесуге шақырды.

«Іздеу жүйесінен «Диана Иванова Алматыны» іздесеңіз, анасы өз қолымен азаптаған 14 жасар қыздың оқиғасын оңай таба аласыз. Қазір қыз 18 жаста, ол Конаевта (Қапшағай) патронаттық анасымен бірге тұрады. Оған күрделі оңалту қажет, себебі соңғы 4 жылда көмектесеміз деп уәде бергендердің барлығы уәдесінде тұрмаған. Қызға тістерін салып, мұрнын қалпына келтіру керек.Психологтың да көмегі қажет. Бала көптеген жылдар бойы осындай азапқа шыдап келген. Енді оған қалпына келу үшін ұзақ уақыт қажет», — деп жазады Юлия Ишунина Facebook-те.

Бұл жазбаның астында қазақстандықтар ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиеваны жаппай белгіледі. Кейін уәкіл мәселені бақылауда ұстайтынын жеткізді.

«Қазіргі уақытта бекітілген имплантанттар орнатылуда. Портал арқылы ерінін қалпына келтіру жоспарлануда. Сондай-ақ, Алматы облысының халықты әлеуметтік қорғау департаментіне мүгедектік және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өтініш берілді. Мен мұны бақылауда ұстаймын», — деп жауап берген еді балалар омбудсмені.

Бүгінде Дианаға имплантанттар толығымен орнатылған. Қыздың қазіргі асыраушы анасы оның тіс салғаннан кейін қалай қуанғанын айтты.

“Тіпті дәрігерлердің өзі көмек қолын созуға дайын болды. Егер бізге көмектеспегенде мұндай қымбат имплантты біздің қалтамыз көтермес еді. Қазір Диана өзін керемет сезінетінін айтады. Бет-әлпеті де қалыпқа келе бастады. Әрине басында кішкене іскен еді. Қазір басылып жақсы болып қалды”,- деді Диананы қамқорлығына алған анасы Надежда Барсукова.

Енді алда Диананы алда пластикалық ота күтіп тұр. Қазігі қамқоршы анасының айтуынша таңдалған клиникада тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.

“Дианаға тіс салғаннан кейін ол әр тамақтанған сайын қуанып, өзінің қалай кедергісіз жегенін айтады.. Қазір өзгелердің алдында қысылмай өзін еркін ұстай алатын болды. Енді алдағы оталары да сәтті өтеді деп отырмыз”, – деді Надежда.

Другие новости

Back to top button