Алматы

Тәртіп сақшылары Алматы тұрғындарын есірткі жарнамасын бояуға шақырды

Алматы қаласы Әуезов ауданы учаскелік полиция инспекторларымен тығыз байланыста құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатқан жеке ПИК және ОСИ жұмысының оң нәтижесі атап өтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар — белсенді, аумаққа шолу жүргізіп, жалдамалы пәтерлер мен күдік туғызған адамдарды тексереді. Ең бастысы, қабырғадан есірткіні жарнамалайтын сайт мәліметтерін көрсе, бояп тастайды.

Сондай-ақ құқық бұзушылық жасаған адамдар, қолайсыз отбасылар, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдер, деструктивті діни ағымдарға қатысты белгілері бар және жедел қызығушылық тудырған басқа да адамдар туралы қажетті және керекті мәліметтер беріліп отырады.

ПИК қызметкерлерінен дер кезінде түскен ақпараттың арқасында жедел қызметкерлер 8 есірткі қоюшы мен граффити-жарнамасын салып жатқан 3 адамды ұстады. Олар заңды жауапкершілікке тартылды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сонымен қатар, ол Әуезов ауданы 14 патрульдік учаскеге және 86 шағын учаскеге бөлінгенін жеткізді. Ауданда барлығы 173 патрульдік маршрут бар, оның ішінде 28-і көлікпен, жаяуы– 145.

Бұл ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар қызмет көрсету салаларындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға оң әсерін тигізуде. Бекітілген кестелерге сәйкес, тоқсанына кемінде бір рет, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен жүзден астам кездесулер өткізіп, онда құқықтық тәртіптің жай-күйі, азаматтарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау үшін қажетті басқа да өзекті мәселелер қозғалады. Бүгінгі таңда көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістеріне 7 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды. Олардың көмегімен 533 қылмыс ашылды, 2 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықтар анықталды. Құқықтық тәртіпті орнатуда тығыз ынтымақтастық қажет екеніне назар аударғым келеді. Тек өзара жауапкершілік қана қылмысты алдын алудың тиімділігін арттырады, – деді Әбілқайыр.

 

Другие новости

Back to top button