Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына шұғыл түрде операция жасалды

Бұл жайында танымал тележүргізушінің көмекшісі әлеуметтік желіде жазған. Дәл қазіргі таңда Сұлтанқызы Алматыдағы ауруханалардың бірінде жатыр. Сырқаты сыр берген Ләйләға шұғыл түрде ота жасалған екен.
Айтпақшы, Алматыға не үшін барғанымды айтайын. Ләйлә Сұлтанқызының денсаулығы сыр беріп, жедел түрде операция жасалды. Қазір жағдайы бір қалыпты. Денсаулықтарыңызды күтіп жүріңіздер. Байланысқа өзі шығады бұйырса,


Ғаламторда лезде тараған фотоға зер салсақ, аурухана төсегіне таңылған Ләйлә Сұлтанқызының ес-түссіз жатқанын аңғаруға болады. Мұндай жайсыз жағдайға душар болған тележүргізушіні көрген көпшілік, оған жылы лебіздерін жазып, арқасүйер азаматынан айырылған Ләйләні жұбатып әлек.
«Сіз балаларыңызға керексіз, мықты болыңыз. Алла шипасын берсін», «Ер азаматынан ажырау оңай емес. Алла сабыр берсін», «Шипасын берсін. Қай қазақтың балапандары анасыз қалмасын», «Үлкен стресс алды ғой. Аман болсын, шипасын берсін»,