Жетысуская область

Талдықорғанда зорлық жасады деген күдікпен тәртіп сақшысы ұсталды

Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының лауазымды басшыларының бірі қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен. Шағымданушы зорлық әрекеті лауазым иесінің жұмыс кабинетінде болғанын, жеке басының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтып, көмек сұраған.

Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, күдікті полицейге қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне жабылған.

Оқиғаға қатысты ресми орган түсініктеме берген жоқ. Мәселе Kazinform назарында болады.

Другие новости

Back to top button