Жетысуская область

Талдықорған мәйітханасының мүшкіл халіне қатысты вице-министр түсінік берді

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Талдықорғандағы мәйітхана мәселесіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Telegram-арналардың біріндеТалдықорғандағы мәйітхана ғимаратының мүшкіл халі туралы видео тарады.

Осыған байланысты Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков жауап берді.

«Иә, Талдықорғандағы мәйітхана мәселесінен хабардармыз. Сол жаққа іссапармен барғанда мәйітхананың жағдайын өз көзіммен көрген едім. Министр бізге барлық өңірді аралап, мәйітханалар мәселесін шешуге тапсырма берген. Қазір Астана мен Атырау қалаларындағы мәйітхана жаңа ғимаратқа көшірілді. Таразда да жаңа ғимарат сатып алынуда», — деді ол.

Бекболат Молдабековтің айтуынша, Абай, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс жасалып жатыр.

«Біз мәйітханаларды жергілікті әкімдік балансына береміз, олар күрделі жөндеу жүргізеді. Басқа да облыстармен жұмыс қолға алынуда. Мәйітхана тұрғысындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Мәселе толықтай шешімін табады», — деді вице-министр.

 

Другие новости

Back to top button