Нур-Султан
«Сүйінші!»: Астанада LRT-нің 799 тірегі толық салынып бітті
Астанада атышулы LRT құрлысының тіректері 100% салынып бітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ресми ақпаратты City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратты.
«Жеңіл рельсті пойыз жүретін 22 шақырымға арналған 799 тіректің бәрі салынып бітті. Оған 2,5 мың жұмысшы жұмылдырылған», — деп хабарлады компания.
Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, осы тіректерді салу үшін 53,7 мың текше метр бетон мен 42 мың тонна арматура кеткен.