Социум

Су түбінде үш айдан астам уақыт өмір сүрген профессор өзінің жасарғанын байқады

Оңтүстік Флорида университетінің профессоры және сүңгуір Джозеф Дитури мұхит түбінде 93 күн болған. Осы уақыт ішінде ол 100 шаршы метрлік арнайы капсулада өмір сүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Дитуридің ағзасын зерттеген кезде оның арықтағаны анықталды.

Теломерлер деп аталатын жасушалардың жастығына жауап беретін хромосомалардың ұштарындағы құрылымдар 20%-ға ұзарған. Сонымен қатар дің жасушаларының саны он есеге өсіп, холестерин деңгейі айтарлықтай төмендеген. Ғалымдар Дитури он жылға жасарды деген қорытындыға келді. Профессордың өзі де терісі жасара түскенін байқаған.

Зерттеушілер мұндай өзгеріс тереңдіктегі жоғары қысымға байланысты деген қорытындыға келді. Олардың пікірінше, бұл жасушалардың өсуі мен дамуын ынталандырып, адам ағзасына оң әсер етеді.

Эксперименттің негізгі мақсаты – су астында өмір сүру арқылы қарттықтан туындайтын аурулардың алдын алу қаншалықты мүмкін екенін тексеру. Сонымен қатар Дитури су астында болу ұзақтығы бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Алдыңғы рекорд 2014 жылы дәл осы жерде орнатылған, ол адам су астында 73 күн 2 сағат 34 минут өмір сүріпті.

Зерттеуші 1 наурыздан бастап Jules су астындағы капсуласында тұрады. Оның мақсаты – 9 маусымға дейін су астында 100 күн өткізу. Профессор күнделікті эксперименттер жүргізуді жалғастырады. Барлық медициналық көрсеткіштер — салмақтың, бұлшықет құрылымының, қан қысымының, көру мен есту қабілетінің өзгеруі күнделікке жазылады.

Другие новости

Back to top button