Социум

Синоптиктер алдағы тәуліктерде аптап ыстық бәсеңдейтінін болжады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 11-13 маусым аралығында Қазақстанда ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің айтуынша, елдің көп бөлігінде найзағай тұрып, қатты жел аралас жаңбыр жауады. Ең қарқынды жаңбыр 11-12 маусымда шығыста, 13 маусымда елдің орталығында тіркеледі деп күтілуде.

«Республиканың солтүстігінде тәуліктік басым температура +20 және +25°С аралығында болады. Шығыста және орталықта +22-ден төмендеу температура болжанады. Оңтүстікте қатты ыстық +33 градусқа дейін әлсірейді», — делінген ақпаратта.

Другие новости

Back to top button