Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да таудағы өртті сөндіру үшін тікұшақпен су төгіліп жатыр

Адам аяғы жетуі қиын жердегі өрт сөндіру қиындап барады

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, қол жетпейтін жерлерде құрғақ шөптер мен бұталар өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт 3 шілдеде тұтанған.

«Елдімекендерге қауіп жоқ. Өрттің жердің таулы, жартасты, жетуі қиын орында болуы сөндіруді қиындатып жатыр.

МИ-2 және МИ-8 тікұшақтарымен орманшылар мен өрт сөндірушілер жасақтары жану орнына жеткізілді», — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесі мен «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызатын құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылып, ол 13 рет су төкті.

Өрттің алдын ала ауданы шамамен 6 гектарды құрайды.

«Өртті сөндіруге орманшылардан, өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардан 180-қа жуық адам, 23 техника, Шығыс Қазақстан әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы жұмылдырылған», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button