Восточно-Казахстанская область

ШҚО-да былтыр жоғалып кеткен әйелдің денесі үй ауласынан табылды

Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті қолға түсті 

ШҚО полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.

«2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы әпкесінің үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған. Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен», — делінген хабарламада.

Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестіріп келген. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілері мен бағдарлары жолданды.

«3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген әйел адамның зорлықпен өлтірілген мәйітін тапқан», — делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Другие новости

Back to top button