Социум

«Русофобиялық бұрышқа айналып барады»: Лепстің директоры Қазақстанды дос емес ел деп атады

Ресейлік әнші Григорий Лепстің директоры Қонаев қаласында жоспарланған концерттің өткізілмейтініне жауап берді. Ол Қазақстанды русофобтар еліне айналып бара жатыр дегенді алға тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Владимир Урюпин ресейлік әнші Григорий Лепстің бұл жағдайға мүлде ренжімегеніне және әскерді әрі қарай да қолдай беретініне тоқталған.

“Соңғы уақытта Қазақстан русофобиялық бұрышқа айналып барады. Григорий Викторовичтің ұстанымы өзгермейді. Біз басқа мемлекетте не айтылса да, өз елімізді қолдаймыз. Жарайды, Қазақстансыз да өмір жалғасады. Елімізді бұған дейін қалай қолдап келдік, дәл солай жұмысымыз жалғасады. Жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз. Бұл кезекті мәлімдемелердің бірі іспетті, Қазақстандағы халық та естерінен тана бастағандай. Егер олар қарсы болса біз не істейміз. Оған ренжіген де жоқпыз, көңілге де алмаймыз”, — дейді Владимир Урюпин.

 

Әншінің директоры сондай-ақ Григорий Лепс “достық ықылас көрсетпейтін елдерге бармайтынын” сол себепті де Қазақстанда енді өнер көрсетуді жоспарламайтынын да айтқан.

«Біз Қазақстанмен бұған дейін жұмыс істемедік және болашақта да бармаймыз деген үміттемін. Себебі дос емес елдерде өнер көрсетілмейді. Бұл АҚШ іспетті. Дұшпандар бізге қандай көзқараста болса, біз де солай жауап беруіміз керек», — деп түсіндірген ол.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік әнші Григорий Лепстің Конаев қаласында өтуі тиіс болған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін тоқтатылғанын жазған едік.

Другие новости

Back to top button