Госорганы

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Астанада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші сот қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Оны Ә. Нұршайықов көшесінде полиция қызметкерлері тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ ол қайтадан рөлге отырған. Бұл дерек бойынша ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару құқығынан айырылған жағдайда рөлге отырмауға шақырады.

gov.kz

Другие новости

Back to top button