Алматы

Республикалық тамыз кеңесіне қатысушылар «Салауаттытамақтану мектептері» бағдарламасының интерактивтібілім беру ресурстарымен танысты

Жыл сайынғы Тамыз кеңесі аясындаинновациялық білім беру ресурстарының таныстырылымы өтті, олардың көмегімен «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасыРеспублика оқушыларына салауатты өмір салтының негіздерінүйретеді. Инновациялық құралдарды Білім берудегі жаңатехнологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының және«Нестле» компаниясының сарапшылары әзірледі.

Республикалық тамыз кеңесі көрмесінің аумағында жабдықталғанарнайы демонстрациялық алаң ондаған педагогтарғабағдарламаның заманауи құралдары туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар оларды жұмыста бағалауға көмектесті: интерактивті таныстырылымдарды «қарап шығу», интерактивтітест тапсырмаларын орындау, ойын-сауық бейнелерін көру. Дәлсол жерде QR-кодтың көмегімен қатысушылар «Салауаттытамақтану мектебі» бағдарламасына тіркеліп, цифрлықматериалдардың толық жиынтығын ала алды.  

Тамыз кеңесіндегі «Салауатты тамақтану мектебі»бағдарламасының интерактивті материалдарыныңтаныстырылымы оларды оқу жылының басынан бастапРеспублика мектептерінде ауқымды түрде іске қосуды көздейді. Енді салауатты өмір салты негіздерін оқытудың заманауи тиімдіресурстары еліміздің барлық мектептері үшін қолжетімді болады.

«Салауатты тамақтану мектебінің» инновациялық ресурстарынауқымды түрде енгізу бағдарлама өзінің 10 жылдығын атап өтетінжылы өтіп жатыр. Осылайша, жоба заманауи мектептіңдамуындағы жаңа тенденцияларды ұстануға дайын екендігінжәне жаңаруға бейілділігін көрсетеді. Бағдарламаны жасаушылармен ұйымдастырушылар тек осындай тәсіл жобаға өзініңмаңызды әлеуметтік миссиясынҚазақстанның дені сау ұрпағынтәрбиелеуге мүмкіндік беретініне сенімді.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында Республикалық тамыз кеңесіаясында бізде жас қазақстандықтардың дұрыс тамақтану жәнетабиғатқа ұқыпты қарау әдеттерін қалыптастыруға бағытталғаноқыту материалдарының жаңа форматын Республиканың түкпір-түкпірінен келген мұғалімдерге таныстыруға тамаша мүмкіндікболды,деп Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалықбілім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелікорталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова айтып берді».

«Инновациялық цифрлық құралдарды әзірлеу және енгізу, біржағынан, біздің жобамыздың заманауилығын, оның инновация идеяларына бейілділігін және үнемі өзгеруге дайын екендігінайғақтайды. Екінші жағынан, біздің білім беру ресурстарымыздың маңызды миссиясы жас ұрпақтың білімімен өз халқының дәстүрлі мәдениетіне, оның аспаздықдәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына деген қызығушылығынарттыру. Біздің бағдарлама қазақстандық оқушыларда денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар өз елінің тарихы мен мәдениеті туралы білімді қалыптастыруға өз үлесін қосуға көмектесетініне сенімдіміз, – айтты Александра Макеева, Нестле Ресей және Еуразия білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы»

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы 

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана және Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағдарланған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Қазақстанда іске асыру барысында «Салауатты тамақтану мектебімен» барлығы 200 000-ға жуық бала танысты.

Нестле компаниясы туралы

«Нестле» — әлемдегі ең ірі азық-түлік және сусын өндіретін компания. Компания бизнесін әлемнің 188 елінде жүргізеді. Оның бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың адамды құрайды және олардың барлығы «Нестле»мақсатын ортақтасады — өнімдердің пайдасын аша отырып, біз бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін әр адамның өмір сүру сапасын арттырамыз. «Нестле» тек адамдардың ғана емес, сонымен қатар олардың сүйікті үй жануарларының өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең сұрыптамасын ұсынады. Компания өнімдерінің желісіне Nescafé немесе Maggi сияқты аты аңызға айналған және бүкіл әлемге танымал брендтерден бастап Еуразия аймағында танымал «Быстров», «Хрутка» және «Nesquik» брендтеріне дейін 2 мыңнан астам бренд кіреді. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салтын терең сараптауға негізделген стратегияны басшылыққа алады. «Нестле» штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы басталған Веве қаласында (Швейцария) орналасқан.

 

Другие новости

Back to top button