Социум

Қытайлық БАҚ: Си Цзиньпиннің Қазақстан Президентімен бірінші болып кездесуінің терең мәні бар

Қытайлық БАҚ Қазақстан мен Қытай басшыларының кездесуі туралы жаза келе, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірінші болып кездесуінің терең мәні бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Кazinform.

Қытайдың CCTV арнасының тілшісі өзінің бейнерепортажында биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толғанын атап өтті.

«Төраға Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» үшінші саммиті қарсаңында ондаған елдің басшыларымен екіжақты келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл келіссөздердің біріншісі Қазақстан Президенті Тоқаевпен болады. Өйткені, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы алғаш болған жер ретінде Қазақстанның Қытай үшін маңызы зор», — деді тілші.

БАҚ Си Цзиньпиннің 2013 жылы Қазақстан елордасы Астанада сөйлеген сөзінде «Жаңа Жібек жолының экономикалық белдеуін бірлесіп құру» бастамасын ұсынғанын еске салды.

Қытай журналисі Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасы басталған жер ғана емес, сонымен қатар бұл маңызды халықаралық бастаманың жүзеге асырудың үлгілі қатысушысы екенін атап өтті. Бұдан бөлек, «Бір белдеу, бір жол» жобасын дамыту үшін Қытаймен көптеген бірлескен күш-жігер жұмсап жатқаны мәлім етілді.

«Қытай мен Қазақстан жоғары сапалы бірлескен жұмыс арқылы халықаралық қауымдастыққа ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті», — деді тілші.

CCTV арнасының хабарлауынша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы ұсынылғаннан кейін бір жыл өтпей жатып, Қытай мен Қазақстан Ляньюньган логистикалық ынтымақтастық орталығын құрды. Бұл «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында сәтті жүзеге асырылған алғашқы халықаралық жоба. Жоба дүние жүзіндегі теңізге шыға алмайтын ең ірі мемлекет Қазақстанды байтақ теңізбен байланыстырып, Орталық Азия мен әлем арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын жақындата түседі.

CCTV тілшілері видеорепортажда Қазақстан мен Қытайдың онжылдық бірлескен ынтымақтастығы арқылы Еуропа мен Азия арқылы тасымалдау бағытын құрып, халықаралық логистика және көлік саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтергенін айтты.

Дәл осы себепті «Бір белдеу, бір жол» үшінші Саммиті қарсаңында ҚХР Төрағасы бірінші болып Қазақстан Президентімен кездесуді жөн көрді.

Другие новости

Back to top button