Денсаулық

Қыста неліктен адамдарды жиі ұйқы қысады: дәрігер жауап берді

Қыста не себепті адамдарды жиі ұйқы қысады? Бұл сұраққа Алматы қалалық №4 емхананың дәрігері Ұлбосын Әміркенова жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Қыс уақытында жиі ұйқы қысуының басты себебі — циркадтық ритмнің ауысуы (адамның биологиялық сағаты — ред.). Әр таң сайын күн сәулесі бізге ұйқыдан тұру қажеттігін ескертіп, белгі береді. Осы күн сайынғы ритуал біздің биологиялық сағатымызды реттеп отырады. Қыста күн кеш шыққанда, әрине циркадтық ритм де бұзылады», — дейді дәрігер.

Сонымен бірге маман күн сәулесінің жетіспеушілігі салдарынан жалпы алғанда табиғи жарық деңгейі де төмендейтінін атап өтті.

Оның сөзінше, ағзаның күн сәулесімен жұмысын реттейтін мелатонин гормоны тікелей аталған факторға байланысты. Нәтижесінде мелатониннің секрециясы қыста көбейіп, салдарынан адамның үнемі ұйқысы келіп тұрады.

«Алайда егер шаршау маусымдық сипатқа ие болмаса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек, өйткені ағзадағы шаршаңқылықтың себебін анықтап, оны тез арада жою керек», – дейді Ұлбосын Әміркенова.

Дәрігердің айтуынша, тез шаршаудың басты себептерінің бірі ағзада темір мен D дәруменінің жетіспеушілігінен. Яғни, адам қандағы гемоглобин мен D дәруменінің деңгейі төмендегенін сезбейді. Сол себепті Ұлбосын Әміркенова тұрғындарға үнемі ағзадағы микроэлементтерді тексеріп тұруға кеңес береді.

Другие новости

Back to top button