Социум

Қырғызстанда балмұздақ таситын шағын жүк машинасы 29 баланы қағып кетті

Қырғыз Республикасының Созақ ауданында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Kabar.kgсайтына сілтеме жасап.

Жалал-Абад облысының Созақ ауданында бүгін, 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккендердің жасы 9-дан 16 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылды, олар реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Созақ аудандық ауруханасында 3 бала, КҚКО-да 8 бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр.

Төтенше жағдай орнында 11 балаға көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емдеуге жіберілді

Другие новости

Back to top button