Выбор редакцииКультура

Қуаныш Бейсеков «Ирины Кайратовна» тобынан кеткенін мәлімдеді

«Ирина Кайратовна» тобының клиптерін түсіретін бас режиссер – Қуаныш Бейсеков жобадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасындажазды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

 

“Пост сирек саламын, сол себепті осы сәтті қолданып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай тумағанымды күннен күнге қатты сезініп келемін.

Тағы да айтарым, мен «Ирина Кайратовна» жобасынан кеттім. Ары қарай өзімнің “Елім-ай” қорым арқылы қазақ тарихы пен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік. “Ирина Кайратовна” әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба”, – деп жазды Қуаныш Бейсеков.

Ол өз жабасында топ мүшелеріне алғыс айтып, ары қарай жаңа белестерге жол тартқанын атап өтті.

Другие новости

Back to top button