Главное

ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандықтың ісін бақылауға алды

 Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандықпен байланысты жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстандық БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 18 маусым күні Астанадағы «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында болған. Онда Қазақстан мен Қырғызстан азаматының арасында жанжал туындаған. Оның барысында Қырғызстан азаматына физикалық күш қолданылған.

«2023 жылғы 13 шілдеде жәбірленуші К.А. Қазақстандағы Қырғыз Республикасының Елшілігіне шақырылды. Елші Д.Дюшекеевпен кездесу барысында Қырғызстан азаматына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда осы оқиға бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары барлық қажетті процестік әрекеттерді жүзеге асыруда. Бұл мәселе министрліктің бақылауында», — делінген хабарламада.

«Бұған дейін БАҚ-та Астанада кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің қолында баласы бар қырғызстандық ер адамды соққыға жыққаны туралы хабар тараған. Оқиғаға балалардың алаңдағы жанжалы себеп болып, арты төбелеске ұласты»,-деп жазды қырғызстандық ақпарат агенттігі.

Другие новости

Back to top button