Назначения и отставки

ҚР Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Қоңыровты ҚР Қарулы күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Р. Қоныров ҚР ҚҚ Әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы қызметін атқарған.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Другие новости

Back to top button