Костанайская область

Қостанайда жарылыс орнынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат қате – ТЖД

Оқиға орнынан барлығы 11 ада ауруханаға жеткізілді

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимараттағы дарылыс кезінде бір адамның денесі табылғаны туралы ақпараттың қате берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат қате берілген. Ер адам құтқарылып, медициналық мекемеге жатқызылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. ТЖД қызметкерлері қатты аяз бен үйінді ауқымының көптігі жұмысты қиындатып жатқанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай қаласына қарасты Амангелді ауылында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жүк көліктерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат опырылып құлап, 7 адам үйінді астында қалғаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button