Костанайская область

Қостанай облысындағы Қашар карьерінде көлік жүргізушінің денесі табылды

Аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр

16 қарашада Қостанай облысындағы Қашар карьерінде көлік жүргізушісінің мәйіті табылды. Бұл туралы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«16 қараша күні Қашар карьерінде жазатайым оқиға болды. 1960 жылы туған көлік жүргізушісі өлі табылды. Аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр», — делінген кәсіпорынның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған баспасөз хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, кәсіпорын қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Другие новости

Back to top button