Алматы

«Қоршаудан секірмек болған»: Алматыда 10 жасар баланың аяғына істік темір кіріп кетті

Ота жасауға білікті деген дәрігерлер шақырылды

Алматыда дәрігерлер 10 жастағы баланың аяғын сақтап қалды. Жасөспірім қоршаудан қарғып өтпек болғанда аяғын 20 сантиметрлік істік темір тесіп өткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының хирургтері балаға шұғыл ота жасады. Істік темір баланың оң жамбасын жарақаттаған. Ата-анасының айтуынша, жасөспірім көрші ауланың қоршауынан өтпек болғанда, істік аяғына кіріп кетіп, басымен төмен қарай ілініп қалған.

«Қабылдау бөлімінде хирург, травматолог және анестезиолог шұғыл тексеріп, емханаға жатқызылды. Ота жасау тактикасы анықталды. Хирургтардың алдынжа аяқтан бөгде денені алып тастау ғана емес, сонымен қатар, маңызды тамырларды зақымданудан қорғау міндеті тұрды. Олар өте мұқият әрекет етіп, істікті алып шықты. Біз міндетімізді орындадық деп санаймыз. Отадан кейінгі бірінші тәулікте науқас өзін жақсы сезінеді. Жағдайы қанағаттанарлық. Жақын арада бала өз еркімен мектепке барады деп ойлаймын», — деді Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Ота жасауға білікті деген дәрігерлер шақырылды.

«20 см темірді жамбастан алып шығуға хирург Нұрболат Беркинбайұлы, Аділжан Арипжанұлы, травматолог — Фаррух Назармативич және анестезиолог — Алияхметов Жанат Муратулы сынды білікті мамандар қатысты», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз

Другие новости

Back to top button