Образование

Қазақстанның Ұлттық университетінде миллиондаған ақша жымқыру фактісі анықталды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған.

“Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде”, – делінген хабарламада.

Прокуратура тағы бір жағдайда университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталғанын айтты.

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды”, – деп қосты прокуратура.

Другие новости

Back to top button