Қазақстандықтарға наурызда қосымша демалыс күні беріледі

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚОСЫМША ДЕМАЛЫС КҮНІ
2025 жылдың наурызында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді:
- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
- 21–23 наурыз – Наурыз мейрамы
Демалыс күндерінің ауысуына байланысты ел тұрғындары қосымша демалыс күні беріледі.
НАУРЫЗДАҒЫ ДЕМАЛЫС
- Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 14 күн демалады
- Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер – 10 демалыс күнін алады
8 НАУРЫЗДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ
Халықаралық әйелдер күні сенбіге түседі. Сондықтан демалыс 10 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.
- Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар – 8, 9, 10 наурыз демалады
- Алты күн жұмыс істейтіндер үшін – 8, 9 наурыз демалыс, 10 наурыз – жұмыс күні
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЛАЙ ДЕМАЛАМЫЗ
2025 жылы мерекелік күндер жұма, сенбі және жексенбіге түседі. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі мен сейсенбіге) ауыстырылады.
- Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер – 21–25 наурыз аралығында (5 күн қатарынан) демалады
- Алты күнд жұмыс істейтіндер – 21, 22, 23, 24 наурыз демалады, 25 наурыздан бастап жұмысқа шығады
КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР
1 наурыз – Алғыс айту күні. Наурыздың екінші сенбісі – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.
АЙТА КЕТЕЙІК
2025 жылы Қазақстанда 119 демалыс күні болады. Демалыс күндерінің саны бойынша ең «ұзақ» ай наурыз — 14 күн, ал ақпан мен сәуір 8 демалыс күндері ең аз болады.