Социум

Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы петицияға қол қоюда

Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын төмендету туралы петицияға қол қоюда. Бұл туралы БАҚхабарлайды. 

 

Петиция әзірлеушілер шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді талап етіп отыр.

«Оларға мұнша ақша төлеу орынсыз. Шенеуніктер 85 мың теңгеге өмір сүре алатындықтан, оларға жоғары жалақы төлеу орынсыз», — делінген петицияда.

Үнемделген қаржыны азаматтардың қажеттіліктеріне бағыттау ұсынылып отыр. Мысалы, жәрдемақыларды көбейту (балалар, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар және т.б.). Сондай-ақ бұл қаржы жолдар мен жылу электр станцияларын жөндеуге, қалаларды көгалдандыруға, су құбыры мен кәріз тарту үшін жұмсалады.

Петиция авторларының айтуынша, ақшаны жеңілдетілген автокөлік несиесі мен төмен пайыздық мөлшерлемемен ипотека үшін пайдалануға болады.

«Жалпы, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру керек. Ал айына 85 мың теңгеге күн көремін десе оларға қомақты қаржы төлеу орынсыз», — деді құжатты әзірлеушілер.

Қазіргі таңда петицияны 13 мыңнан астам қолдаған. Тек 70-тен аса адам қарсы дауыс берген.

Другие новости

Back to top button