Қазақстандық оқытушы TikTok көрнекті креаторларының әлемдік тізіміне енді

Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова TikTok-тан Discover List 2025-ке кіре отырып, халықаралық деңгейде танылды. Discover list — бұл АҚШ-тан Австралияға дейінгі, Жапониядан Оңтүстік Африкаға дейінгі дүниежүзі бойынша TikTok пен оның қауымдастығына айтарлықтай әсер еткен платформаның көрнекті 50 креаторының тізімі.
Discover List — бұл көрермендерді шабыттандырып, трендтерді қалыптастыратын планетаның түкпір-түкпіріндегі көрнекті мазмұн авторларын атап өтуге арналған арнайы TikTok жобасы. 2025 жылы тізімге бес тақырып санатындағы креаторлар енді:
- Оқытушылар (Educators) – қолданушыларды оқытып, шабыт беретін авторлар.
- Гурмандар (Foodies) – бірегей кулинарлық мазмұн жасайтын креаторлар.
- Иконалар (Icons) – трендтер мен сандық мәдениет көшбасшылары.
- Инноваторлар (Innovators) – форматтар мен мазмұнмен тәжірибе жасайтын авторлар.
- Музыканттар (Originators) – вирустық трендтерді, дыбыстарды және мемдерді жасаушылар.
Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінен шыққан орыс тілі мұғалімі Ботагөз Омарова @botagozomarova2 платформадағы білім беру мазмұнына қосқан үлесі үшін «Оқытушылар» санатында атап өтілді.
Тәжірибесі бар мұғалім пән оқытуды уақыт өткізу мен ой-өрісті кеңейтудің жағымды тәсіліне айналдырып, TikTok-та танымал мазмұн авторына айналды. Оның контентінде харизмалық ұсыну, әзіл және бейстандартты оқыту тәсілдері біріктірілген, бұл миллиондаған TikTok пайдаланушылары үшін орыс тілін үйренуді қолжетімді әрі қызықты етеді. Шығармашылық форматының арқасында оның сабақтары мектеп оқушыларымен қатар білімін жетілдіргісі келетін ересектерге де ұнайды.
Ботагөзбен бірге бұл санатқа Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританиядан білім беру контентінің 9 авторы кірді.
«Мен әрдайым оқу мен тіл үйрену ережелерді құрғақ жаттау ғана емес, қызықты процесс екенін көрсеткім келетін. Tik Tok-тың халықаралық көрнекті креаторлар тізімінде белгілеуі мен үшін үлкен мәртебе. Менің жұмысым адамдарға білім алуға, атап айтқанда, орыс тілі мен әдебиетін үйренуге жаңа көзқараспен қарауға көмектесетініне қуаныштымын», — деп бөлісті Ботагөз Омарова.
Discover List-ке кірген креаторлар аудиторияның қызығуы, жазылу санының өсуі, қаралым, ұнатулар және TikTok пен одан тыс жерлерде белгілену негізінде таңдалды. Іріктеу процесі трендтерді, мазмұн әсерін және жазылушылармен белсенді қарым-қатынасты талдауды қамтыды.
TikTok оқыту орны ретінде
TikTok көптеген қазақстандықтардың қосымшаны пайдалы әрі білім беру мазмұны үшін, яғни жаңа нәрселер үйреніп, өз білімдері мен таланттарымен бөлісу мақсатында қолданулары жолында белсенді жұмыс істеп келеді.
Платформа үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен #Қазақстанмұғалімдері байқауын өткізіп келеді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген оқытушы қатысты, ал #УчителяКазахстана және #қазақстанмұғалімдері ресми хэштегтері бойынша білім беру роликтерінің саны 80 мыңнан асты. Аталған жоба еліміздің түкпір-түкпірінен талантты оқытушыларды біріктіреді және оларды білім мен білім беру мазмұнын танымал ету үшін шығармашылық форматтармен тәжірибе жасауға шабыттандырады. Ботагөз Омарова 2023 жылы жоба жеңімпаздарының бірі болды.
Ботагөз Омарованың Discover List 2025-ке енуі қазақстандық мұғалімдердің әлемдік деңгейде таныла алатынын көрсетеді, ал TikTok олардың кәсіби және шығармашылық өсуі мен білімді жалпы әйгілеуге арналған мықты құрал екендігінің белгісі.
TikTok туралы
TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.