Образование

Қазақстандық оқушылардың күзгі демалыста неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі демалыста мектеп оқушылары жеті күн демалады, яғни 30 қазан мен 5 қараша аралығы. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғаны дамыту мақсатында «Бірыңғай білім беру бағдарламасы» аясында іс-шаралар жоспарын ұсынды:

жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналармен бірлесіп ғылыми жоба жұмысының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыру, ЖОО оқытушыларымен кездесу, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

«Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру аясында оқырмандармен кездесу және оқылған әдебиеттерді талқылау;

«Отбасы дәстүрі» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «ұстаз – бала – ата – ана» бірлесе отырып отбасылық дәстүрлер туралы әңгімелесу;

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін оқыту» тақырыбында студенттер арасында эссе және жобалық жұмыстар жазу;

Оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе байқауын өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

ата-аналармен және оқушылармен бірлесіп «Денсаулықтың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліс жоқ» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

«Әкеге құрмет, анаға ізет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» сайысын ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау.

«Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсынымдар ретінде жіберіледі», — деп хабарлады министрлік.

Другие новости

Back to top button