Алматы

Қазақстандағы балаларды оқыту жүйесіндегі инновациялар: «Салауатты тамақтану мектебі»

Алматыда «Қазақстандағыбалаларды салауатты өмір салты негіздеріне оқыту жүйесіндегі инновациялар: «Салауатты тамақтану мектебі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара өсіп келе жатқан ұрпақты денсаулық мәдениетіне тәрбиелеуге көмектесетін заманауи тиімді құралдарды талқылауға арналды. Ісшараның ұйымдастырушылары — Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» және Nestlé Kazakhstan. Пікірталасқа қатысушылар еліміздің түрлі облыстарынан келген Білім басқармасы органдарының өкілдері, ғалымдар-педагогтар, дәрігерлер, психологтар.

Кездесу барысында «Салауатты тамақтану мектебі»бірегей білім беру жобасының жұмыс тәжірибесі талқыланды. Бүкіл Қазақстан бойынша мектептерде 10 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан осы бағдарламаның арқасында 200 000-нан астам бала дұрыс тамақтану ережелерін меңгерді. Мұндай кереметнәтижелерге бағдарламаның аясында балаларды пайдалы әдеттерге тәрбиелеудің интерактивті әдістерін белсенді түрде қолдану арқылы қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда бағдарлама дамуын жалғастыруда. Оқу жылының басынан бастап жоба аясында бірнеше жаңа білім беру ресурстары іске қосылуда, соның көмегімен денсаулық сақтау мәдениетін оқыту Қазақстанның барлық бастауыш сынып оқушылары үшін қолжетімді болады. Цифрлық сабақтар, фуд-зертхана, «Біздің дастархан» байқауы — бұл жобаның жаңа білім беру құралдарының толық тізімі емес. Олар тамақтануға байланысты білім мен дағдыларды қалыптастыру үшін ғана емес, сондай-ақ балаларды тамақ дайындаудың тәжірибелік дағдыларына тәрбиелеу үшін де қолданылады. Жобаның ерекше назары ел мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде балалардың ұлттық аспаздық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.

«Қазақстанның білім беру жүйесінде оқыту сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологиялар белсенді енгізілуде. Алайда, мектеп тек заманауи және тиімді білім беру бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік, оның ішінде өскелең ұрпақтасалауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырумен байланысты бағдарламаларды қажет етеді. Мектеп оқушыларына өз денсаулығына қамқорлық жасауға мүмкіндік беретін осындай тәрбие құралының үлгісі «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы болып табылады. Оның тәжірибесі бүкіл ел бойынша белсенді зерделеуге және ауқымды болуға лайық», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ахметова.

«Республика мектептерінің педагогтары жаңа оқу жылында «Салауатты тамақтану мектебінің» цифрлық модульдерімен белсенді танысуда. Мұғалімдер жыл сайын педагогикалық жұмыстың жаңа нысандары мен әдістері туралы білетін Республикалық тамыз кеңесі аясында біз қатысушыларға жоба туралы айтып қана қоймай, сондай-ақ кейбір құралдармен жұмыс істеуді ұсындық. Нәтижесі тамаша болды білім беру ресурстары педагог-практиктердің жоғары бағасына ие болды, – деп атап өтті «Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы» бөлімінің басшысы Татьяна Ежова.

«Инновациялар, тұрақты даму бұл «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының ерекшелігі. Оның он жылдық тарихы – шағын оқу курсының әртүрлі бағыттарды біріктіретін және көптеген тиімді және заманауи технологиялар арқылы жүзеге асырылатын ауқымды кешенге айналғанының жарқын дәлелі. Бүгінгі таңда «Салауатты тамақтану мектебі» балаларды, ата-аналарды, мұғалімдерді, ғалымдарды біріктіреді, ұлт денсаулығының негізін қалайды. Өскелең ұрпақтың бойында маңызды білім мен дағдыларды қалыптастыру болашақта оқушыларға өз кәсібін жүзеге асыра алатын дені сау және белсенді тұлға болып өсуіне мүмкіндік береді – деп Nestlé білім беру бағдарламаларының жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелден кейін «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының табысты жұмысына 10 жыл» атты республикалық конференция өтті, онда қатысушылар бағдарламаның әдістемелік аспектілерімен танысып, оны іске асыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқауларға ие болды, Алматы қаласының білім беру мекемелеріне барып, ашық сабаққа қатысты. Сондай-ақ, конференция аясында бүкіл Қазақстан бойынша алғаш рет өткен «Біздің дастарқан» суреттер байқауына қатысқаны үшін оқушылар марапатталды.

 

Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі»бағдарламасы туралы

Қазақстандық «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы «Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана және Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға арналған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен» және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Қазақстанда жобаны іске асыру барысында барлығы 200 000-ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.

Nestlé компаниясы туралы

Nestlé – әлемдегі ең ірі тамақ және сусын өндіретін компания. Компания бизнесін әлемнің 188 елінде жүргізеді. Оның бүкіл әлемдегі қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың адамды құрайды және олардың барлығы Nestlé мақсатына қосылады — өнімдердің пайдасын аша отырып, бүгін және болашақ ұрпақ үшін біз әр адамның өмір сүру сапасын арттырамыз. Nestlé адамдардың ғана емес, олардың сүйікті үй жануарларының да өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Компанияның өнімдер желісіне 2 мыңнан астам брендтер аты аңызға айналған және бүкіл әлемге танымал, мысалы, Nescafé немесе Maggi-ден бастап Еуразия аймағындағы әйгілі Быстров және Nesquik брендтеріне дейін кіреді. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салты саласындағы терең сараптамаға негізделген стратегияны басшылыққа алады. Nestlé штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компания тарихы бастау алған Веве (Швейцария) қаласында орналасқан.

Другие новости

Back to top button