Алматы

Қазақстандағы алғашқы лоукостердің әуе паркі А320 ұшағымен толықты

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан әуе компанияларымен бірлесіп, әуе кемелер паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Fly Arystan» сыйымдылығы 180 орындық «А320СЕО» әуе кемесін алды. Бұл – флоттағы 16-шы ұшақ.

2023 жылдың соңына дейін әуе паркін 19 ұшаққа дейін, оның ішінде жаңа ұшақтармен кеңейту жоспарланып отыр.

Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, әуе билеттер кестесі мен ұсыныстарың уақытылы орындалуына оң әсер етеді.

Әуе кемелерінің паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмыс жалғасып жатыр. Бұл Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында болады

Другие новости

Back to top button